RU

Жаңа Зеландиядағы теракт: Полиция күдіктілерді тұтқындады

Жаңазеландиялық Крайстчерч қаласының полицейлері мешіттегі терактіге қатысы бар болуы мүмкін төрт адамды тұтқындады деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Күдікті. Скриншот
Күдікті. Скриншот: Depositphotos

БАҚ беттерінде Әл-Нұр мен Линвуд мешіттеріндегі мұсылмандарға шабуыл жасаған күдікті жайлы ақпарат пайда болды. Оның есімі - Брентон Таррант.

Бұған дейін оның Австралия азаматы екені айтылған. Бұл ақпаратты елдің премьер-министрі Скотт Моррисон растады.

"Қамауға алынған адам Австралия азаматы екенін толықтай растай аламын" , - деді ол.

Мешітке шабуылдамас бұрын ер адам тікелей эфир жүргізіп, неміс канцлері Ангела Меркель мен түрік президенті Реджеп Тайып Ердоғанды өлтіруге шақырған.

Бұған дейін, тәртіп сақшылары мешіттегі атысқа қатысы бар деген күдікпен бір адамды тұтқындаған.

Айта кетейік, Жаңа Зеландияда мешітке шабуыл жасалып, нәтижесінде 27 адам қаза тапты. Кейін желіде шабуыл сәтінің видеосы тарады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1783681-zaa-zelandiadagy-terakt-policia-kdiktilerdi-ttkyndady/