Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа Зеландиядағы екі мешітке жасалған шабуылдан соң екі жарылыс болды

Опубликовано:

скорая в Новой Зеландии
Фото: CNN: Depositphotos

Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласындағы екі мешітте болған шабуылдан соң екі жарылыс орын алды. Бұл туралы Риа ФАН-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ жазады.

Екі мешітке жасалған шабуылдан соң Окленд қаласындағы "Бритомарт" темір жол вокзалы ауданында екі жарылыс болғаны туралы ақпарат тарады.

New Zealand Herald ақпаратына сәйкес, белгісіз берулер тастап кеткен сөмкедегі жарылғыш заттарды жару үшін оқиға орнына робот-сапер келген. Артынша аймақ толығымен қоршауға алыныпты.

ТВЦ мәліметінше, қайғылы жағдай орын алған мешіт маңынан да бірнеше жарылғыш зат табылған.

Еске сала кетейік, бүгін Жаңа Зеландияда қаруланған бірнеше адам көрші тұрған мешіттерге шабуыл жасаған. Артынша желіде шабуылдың видеосы тарап кетті. Қазір төрт күдікті ұсталған, ал біреуі қашып кеткен.

Полицияның құрығына түспей жүрген басты күдікті Брентон Таррант шабуыл жасамас бұрын тікелей эфирге кірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1783726-zaa-zelandiadagy-eki-mesitke-zasalgan-sabuyldan-so-eki-zarylys-boldy/

pixel