Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа Зеландиядағы қырғыннан аман қалған жігіттің суреті елді жылатты (фото)

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде Крайстчерчтегі мешітке жасалған шабуылдан аман қалған азаматтың суреті тарап кетті. Фото Twitter Capital TV парақшасында пайда болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: twitter.com/CapitalTV_News
Фото: twitter.com/CapitalTV_News: Twitter

Суреттен медицина қызметкерлері жедел жәрдем көлігіне салып жатқан азаматты байқауға болады. Мешітке келіп, теракт құрбанына айнала жаздаған ол сұқ саусағын аспанға көтеріп жатыр екен.

Желі қолданушылары бұл суретпен бөлісіп, ер азаматтың Аллаға деген сеніміне риза болғандарын айтқан.

"Мұсылман жанұялары үшін дұға етіңдер", "Мен мұсылман бауырларыма дәл соы азаматтай мықты болуды тілеймін", "Біз ештеңеден қорықпаймыз. Үмітімізді үзбейміз. Мешітке баруды тоқтатпаймыз. Біздің сеніміміз мықты. Біз бірлікте өмір сүретін боламыз. Біз Аллаға ғана бас иеміз"- деп жазған олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1783768-zaa-zelandiadagy-kyrgynnan-aman-kalgan-zigitti-sureti-eldi-zylatty-foto/

pixel