RU

Жаңа Зеландиядағы оқиға: Көз жұмғандардың саны 50-ге жетті

Жаңа Зеландиядағы теракттан көз жұмғандардың саны 50-ге жетті. Дәрігерлер жарақат алған азаматтардың біреуін құтқара алмады деп хабарлайды Вести.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Коллаж NUR.KZ (фото twitter.com/yewsufxai және twitter.com/timtamarawr)
Коллаж NUR.KZ (фото twitter.com/yewsufxai және twitter.com/timtamarawr): Facebook

Қазіргі уақытта 11 адам ауруханада жатыр. Олардың жағдайы ауыр.

Бүгінде күдікті деп ұсталған төрт адам бостандыққа жіберілді. Себебі, олардың болған оқиғаға қатысы жоқ екені анықталды.

Істе басты күдікті 28 жастағы австралиялық Брентон Террант болып отыр. Ол айыптауға қатысты сәуір айына дейін қамалды.

Алдын ала болжам бойынша, лаңкес әлем саяхатын жасау үшін келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1783851-zaa-zelandiadagy-okiga-kz-zmgandardy-sany-50-ge-zetti/