Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоғыз минутта алты бала дүниеге әкелген әйел жұртты таңғалдырды

Опубликовано:

АҚШ-тың Техас штатының тұрғыны 17 наурыз күні таңертең бірден алты баланы өмірге алып келді деп хабарлайды tvzvezda.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: The Woman's Hospital of Texas, Facebook
Фото: The Woman's Hospital of Texas, Facebook: Facebook

Жергілікті уақыт бойынша таңғы 4:59-да Техас ауруханасында екі қыз және төрт ұл бала тоғыз минуттың ішінде өмірге келді.

Дәрігерлердің айтуынша, жаңа туған сәбилер 800-1300 грамм салмақпен туған.

Нәрестелердің анасы Тельма Чиака өзін жақсы сезінетінін айтты.

Hindustantimes басылымының хабарлауынша, Чиака қыздарына Зина және Зуриэль деген есім таңдап қойыпты. Ал төрт ұлының аттарын әлі ойластырмаған.

Техас перзентханасының қызметкерлері алты баланың өмірге келуі 4,7 миллиард жағдайда бір кездесетінін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1783979-togyz-minutta-alty-bala-dniege-kelgen-jel-zrtty-tagaldyrdy/