74 жастағы полицей ұстатпай кеткен 29 жастағы жігітті қолға түсірді (фото)
Опубликовано:
74 жасар констебль Кит Смит британдық Эссек графтығында өзінен 45 жас кіші құқық бұзушыны ұстады. Бұл туралы The Sun -ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Басында полицей қызметтік көлікпен күдіктінің соңына түскен.
Құқықбұзушы көлігін тастап, аула арқылы қаша бастағанда Смит артынан қуып, бір үйдің бақшасында ұстаған.
Тұтқындалушының 29 жастағы Пол Тейт екені анықталған. Ер адамның көлік жүргізу құқығы және сақтандыруы болмаған. Оған қоса полицей қызметкерінің сөзіне бағынбаған.
2018 жылдың тамызында ведомствода 20 жыл қызмет етіп келген Смит өзін нашар сезінген қарт жүргізушіге көрсеткен көмегі үшін басшылықтан алғыс-хат алған деп жазады aif.ru.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1785857-74-zastagy-policej-statpaj-ketken-29-zastagy-zigitti-kolga-tsirdi-foto/