Мәскеуде егіз сәбиге бірнеше ай бойы қорлық көрсеткен бала күтушісі ұсталды

Опубликовано:

Мәскеуде егіз сәбиді бірнеше ай бойы ұрып-соғып келген 47 жастағы бала күтушісі ұсталды. Әйелдің озбыр әрекетін бөлмеге арнайы қойылған бейнебақылай камерасымен анықтаған деп жазады lenta.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото:ria.ru
Фото:ria.ru: Instagram

Ведомстваның мәліметінше, 47 жастағы әйел өткен жылдың 18 желтоқсанында бала күтуші болып жұмысқа орналасқан.

Алайда әйел балаларды ұрып-соғып, денесін көгерткен. Оның сәбилерге жасаған қорлығы 2019 жылдың 9 наурызына дейін жалғасқан.

Ал балаларды ұрған сәт арнайы бейнебақылау камерасы арқылы анықталған.

Осы оқиғадан соң бала күтуші қашып кетуге тырысқан. Бірақ ол 28 наурыз күні қолған түсті. Қазір әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1786028-mskeude-egiz-sbige-birnese-aj-bojy-korlyk-krsetken-bala-ktusisi-staldy/