Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астраханьда әлемді шарлауға кеткен сегіз жасар бала табылды

Опубликовано:

Сәуірдің бірі күні Астарань ішкі істер органына 37 жастағы қала тұрғыны хабарласып, баласының жоғалғанын айтқан. Полицей қызметкерлері кішкентай "жиһанкезді" сол күні-ақ тауып алған деп хабарлайды ішкі істер министрілігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Астрахань
Фото: ІІМ сайтынан алынған: UGC

Пәтерді түгел қарап шыққан әйел сегіз жасар баласынан қалған хатты көрген. Хатта бала жер шарына саяхат жасауға кеткенін жазыпты.

Екінші сынып оқушысын іздеу жұмыстарына бірнеше топт жұмылдырылған. Біршама сағаттан соң жоғалған бала табылды.

Астрахань қаласы бойынша Ресей ішкі істер министрлігінің әкімшілік заңнамасын орындау бөлімінің қызметкері Волга өзені арқылы Жаңа көпірден өтіп бара жатқан жолда ұлды байқап қалған.

Бала полицей қызметкеріне өзінің саяхаттап жүргенін, алайда, дәл қазір өзін шаршаңқы сезінетінін, демалғысы келетінін айтқан.

Анықталғандай, жуырда кітап оқыған балақай саяхаттау туралы шешім қабылдаған.

Ол ата-анасына хат жазып, сөмкесіне сүйікті энциклопедияларын, ойыншық, жинақ сандықшасындағы ақшасы мен бананды салып, үйден шығып кеткен.

"Жолының тең жартысын үш көлікпен жүріп өткен Анри Барбюса әрі қарай жаяу жүруді шешкен", - деп әңгімелеп берді № 2 полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімшесінің бастығы Юлия Буланова.

Мектеп оқушысына қатысты қылмыс пен құқық бұзушылық жасалмағаны анықталды.

Кішкентай астрахандық пен оның анасымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1786696-astrahanda-lemdi-sarlauga-ketken-segiz-zasar-bala-tabyldy/

pixel