Жас отбасы алты миллион теңгеге жуық ақшасын байқаусызда қоқысқа тастаған
Опубликовано:
Ресейдің Түмен қаласында ерлі-зайыптылардың анасы алты миллион теңгедей (бір миллион рубль) ақша салынған пакетті байқаусызда қоқысқа тастаған деп хабарлайды 1pnz.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы жергілікті қоқыс сұрыптау зауытының цех бастығы Виктор Загидулин баспасөз конференциясында айтып берді.
"Бізге жас ерлі-зайыпты келді. Олар анасын өздеріне көшіріп алып келіп, оның пәтерін сатып жіберген. Ал ақшаны пакетке салып, үйде тастап кетіпті", - деді ол.
Загидулиннің сөзінше, бір миллион рубль салынған пакетті үйде қалған жігіттің анасы қоқысқа шатыстырып лақтырып жіберген.
Жас отбасы 12 тонна қоқыстың ішінен ақыры пакетті тауып алған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1787437-zas-otbasy-alty-million-tegege-zuyk-aksasyn-bajkausyzda-kokyska-tastagan/