Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Украина президенті Порошенко Семейдің қызына үйленген бе?

Опубликовано:

Украинаның президенті Петр Порошенконың әйелі шын мәнінде Семей қаласының тумасы болуы мүмкін. Strana.ua сайты бірінші ханымның ресми өмірбаянында оның Киевте дүниеге келгені туралы ақпаратты жалған деп тауып, оны растайтын дәлелдерді келтірген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Украина президенті Порошенко Семейдің қызына үйленген бе?
Фото: prm.ua: Facebook

Басылым құқық қорғау органдарындағы дереккөздеріне сүйене, Марина Порошенконың Қазақстан тумасы екенін мәлімдеді.

Дәлел ретіндегі құжатта президент жұбайының туылған жері Киев емес, Семей қаласы екені көрсетілген.

Фото: strana.ua
Фото: strana.ua: Twitter

Мұндай жайттың орын алуына бірінші ханым анасының жұмысы себепкер болса керек. Людмила Преведенцева әскери өндіріс қажеттілігін қамтамасыз ететін "Арсенал" атты киевтік зауытта қызмет атқарған.

Фото: ria.ru
Фото: ria.ru: Facebook
Осы орайда, әйел адамның кеңестік ядролық өндірісті дамыту үшін ұзақ уақытқа Семейге іссапарға жіберілгенін болжауға болады.

Басылымның айтуынша, бұл уақыт Марина Порошенконың туылуымен тұспа-тұс келіп тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1787541-ukraina-prezidenti-porosenko-semejdi-kyzyna-jlengen-be/

pixel