Құпия құжаттарды жариялайтын сайттың негізін қалаушы тұтқындалды (видео)
Опубликовано:
Атышулы WikiLeaks негізін қалаушы Джулиан Ассанж Лондон орталығында тұтқындалды деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Лондон полициясы 47 жастағы Джулианның Эквадор елшілігінде 11 сәуір күні тұтқындалғанын хабарлады.
Ассанж Вестминстер магистраттық соты сотқа келмегені үшін 2012 жылдың 29 маусымында берген ордері негізінде тұтқындалды.
Эквадор президенті елінің Джулиан Ассанжға пана беруден бас тартуды жөн көргенін жеткізді.
WikiLeaks негізін қалаушы британ астанасының орталығында орналасқан елшілікте жасырынған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1788342-kpia-kzattardy-zarialajtyn-sajtty-negizin-kalausy-ttkyndaldy-video/