Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алтыншы қабаттан құлаған бір жасар сәби ғажайыптың күшімен аман қалды

Опубликовано:

АҚШ-тың Вашингтон штатында орналасқан Редмонд қаласында кішкентай бала алтыншы қабаттан абайсызда құлап кетіп, аман қалды. Бұл туралы lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Kiro7
Фото: Kiro7: Facebook

Оқиға 10 сәуір күні орын алған.

Полицияның мәліметінше, бір жас сегіз ай толған нәресте жатын бөлмеде жалғыз өзі болған. Ал оның анасы мен ағасы көрші бөлмеде жүрген екен.

"Терезе ашық тұрды. Баланың анасы бөлмені желдеткен сияқты", - деді полиция.

Ұл бала тұрғын үйдің алдында тоқтап тұрған көліктің үстіне құлап, аман қалған.

Көліктің иесі Эд Лу (Ed Lu) 10 сәуір күні таңертең жұмысқа мотоциклмен баруды шешіп, Mazda маркалы көлігін есік алдына қойып кеткен.

"Барлығымыз үшін менің жұмысқа мотоциклмен барғаным жақсы болды", - деді Лу.

Оқиға орнына келген дәрігерлер жәбірленушіге қажетті көмекті көрсеткен. Нәрестенің жағдайы тұрақты ауыр деп бағалануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1788867-altynsy-kabattan-klap-ketken-bala-aman-kaldy/

pixel