Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ-та белгісіз адам бір топ адамды қасақана қағып өткен

Опубликовано:

АҚШ-тың Филадельфия қаласында белгісіз адам қасақана бір топ адамды қағып, алты адам жарақат алды деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

АҚШ-та белгісіз адам бір топ адамды қағып өтті
Жүргіншілерді қаққан көлік Фото:Видеодан скриншот: Facebook

Полицейлердің пайымдауынша, белгісіз ер адам жанжалдан кейін көлігімен бір топ адамды қасақана қаққан.

Оқиға салдарынан 17 мен 42 жас аралығындағы үш әйел мен үш ер адам түрлі жарақат алған.

Жапа шеккендер ауруханаға жеткізілді. Бір адамның жағдайы өте ауыр деп бағалануда.

Куәгерлердің сөзінше, көлік қаққанға дейін төбелес болған. 44 жастағы жүргізуші сол себепті топты қағуы мүмкін.

Күдікті тұтқындалды, ол да қазір ауруханада жатыр. Полиция ақпаратынша, ол адамдарды қаққаннан кейін куәгерлер оны соққыға жыққан.

Оның аты-жөні айтылмай отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1789353-aks-ta-belgisiz-adam-bir-top-adamdy-kagyp-tti/

pixel