Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайда жоспарды орындамаған басшылар төрт аяқтап жүруге мәжбүр болды (видео)

Опубликовано:

Youtube желісінде қытайлық компаниялардың біріндегі жылдық жұмысты қорытындылау шарасынан видео тарады. Бейнежазбада қызметкерлердің біртүрлі әрекеті бейнеленген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Regnum.ru-ға сілтеме жасап.

Кадрлар видеодан алынды
Кадрлар видеодан алынды: Facebook

Видеода жоспарды орындамаған орташа бөлім басшыларының "масқара шеңберін" құрып, төрт аяқпен жүріп, "Түзелуге уәде беремін" деп айқайлап жатқандарын көруге болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін еліміздің екі өңірінде аяқтарына қанаттары мен құйрықтарында қытай иероглифтері бар кептерлер табылып жатқанын хабарлағанбыз.

Экология министрлігінің өкілі Сәкен Ділдахметтің айтуынша, бұл спорттық кептерлер. Олар арнайы мамандандырылған фермаларда өсіріледі. Олардың бірі Алматы облысына жақын жерде – Үрімшіде орналасқан.

Ал аяқтарындағы сақина мен электронды техникада өзінің тасушысы туралы маңызды ақпарат сақталады екен. Ал қанаттарында жарыс кезеңі, сондай-ақ жарыстың атауы жазылады.

Сондай-ақ бұған дейін Қытайды белгісіз вирустың тарлағаны жайлы да белгілі болған еді.

Шығу тегі белгісіз қабыну дертінің салдарынан үшінші адамның көз жұмғаны да мәлім болған.

Ауру қоздырғышының нақты берілу жолдары әлі күнге дейін анықталмаған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1836984-kytajda-zospardy-oryndamagan-kompania-bassylary-trt-aaktap-kesirim-sragan-video/

pixel