Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайда вирус тараған қала тұрғындары тамақ үшін жаға жыртысуда (видео)

Опубликовано:

Қытайдағы аса қауіпті вирус тараған Ухань қаласында карантин жарияланды. Жергілікті тұрғындар елді мекеннен шыға алмайды. Сондай-ақ қалаға да сырттан ешкімді кіргізбейді. Кіріп-шығуға уақытша тыйым салынуы адамдардың сауда нүктелерінде азық-түлік үшін таласып, жаға жыртысуына себеп болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кадрлар видеодан алынды
Кадрлар видеодан алынды: Twitter

Аса қауіпті вирустың таралуы тұтас бір қаланы оқшаулауға себеп болды. Жергілікті тұрғындар дүрбелеңге салынып, дүкен сөрелеріндегі азық-түліктерді таласып алуда. Кейбіреулері тіпті, жаға жыртысуға дейін барып жатыр. Бұл туралы "Би-би-си" қызметіне сілтеме жасаған Lenta.ru мәлім етті.

Басылымның ақпарынша, қалада карантин енгізілгені 21 қаңтарда белгілі болған. Қазіргі уақытта 9 млн адам тұратын қалада қоғамдық көліктер, пойыздар мен әуе рейстері тоқтатылған. Карантиннің қанша уақытқа енгізілгені белгісіз.

Көлік құралдарының жұмысы тоқтатылуы адамдарды азық-түлікпен қамдануға итермелеуде. Жергілікті тұрғындар әлеуметтік желілер арқылы қалыптасқан жағдайға наразылық білдіруде.

Еске сала кетейік, еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин ОКҚ-да өткен брифингте әлемде таралып жатқан коронавирус жайлы сөз қозғап, қазақстандықтарды Қытайға барудан бас тартуға шақырды.

Сондай-ақ ол Қытайдың Ухань қаласында таралған жаңа коронавирустан қалай қорғануға болатынын айтып берді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1837576-kytajda-virus-taragan-kala-trgyndary-tamak-sin-zaga-zyrtysuda-video/

pixel