Алматы әуежайында Қытайдан келген жолаушыларды қалай күтіп алуда (фото)
Жарияланған күні:
Алматыда қытайлық коронавируске төтеп беру үшін қандай шаралар қолданылып жатқаны белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Оңтүстік астанада өңірлік штаб құрылып, аса қауіпті инфекцияны елге кіргізу мен таратуға қатысты ескертулер бойынша профилактикалық шаралардың кешенді жоспары қабылданды.
Алматының халықаралық әуежайында Қытайдан күніге төрт рейс жасалынады. Алайда, үшінші ақпаннан бастап, бұл елмен арадағы барлық рейстер тоқтатылды.
Бұған дейін Қытайдан келген рейстердің барлығы бөлек тұраққа тоқтайтын болатын.
"Алматы халықаралық әуежайы" АҚ вице-президенті Бақытхан Абрасиловтың сөзінше, әуежайда барлық медициналық қызметтер мен көліктегі СЭҚ жұмылдырылған. Барлық қызмет түрлері арнайы протокол бойынша жұмыс істеп жатыр,
Ұшақтан шығар алдында әуе кемесінің барлық жолаушылары мен экипаж мүшелеріне сауалнама жасалынады. Тиісті оқудан өткен борсеріктер мен стюардессалар қолға тағылатын құрылғы арқылы жолаушыға жақындамай-ақ оның дене қызуын тексереді.
Айта кетейік, заманауи стандарттарға сай келетін аталмыш құрылғылар дене қызуының көрсеткішін екі метр қашықтықтан да анықтап бере алады.
Вирустың белгілері бар адамдар әуежайдың ортақ жүйесімен байланыспаған фильтрациялық аумаққа өтеді. Ол жерде өзіндік жеке вентиляциялық жүйе бар. Инфекция анықталған жағдайда науқасты жедел жәрдем көлігімен инфекциялық ауруханаға алып кетеді.
Айта кету керек, келіп жатқан жолаушылармен жұмыс істеп жатқан мамандардың барлығы арнайы қорғаныс формасын киіп алған.
Ұшақта тексерістен өтіп қойған жолаушылар әуежай арқылы бөлек аумаққа өтеді.
Паспорттық бақылау бөлімінде стационарлық тепловизорлар орнатылған. Бұл құрылғылар техникалық жабдықталуына орай адам дене қызуының көрсеткішін алыс арақашықтықтан анықтай алады.
Стационарлық тепловизордағы мәліметтер бірден мониторларға шығып тұрады. Дене қызуы жоғары екені көрсетілсе бірден белгі жанып, дыбыстық ескерту жасалынады. Операторлар бұл ақпаратты бақылай-өткізу пунктіндегі мамандарға хабарлайды.
Оған қоса, әуежайда арнайы бөлек санитарлық-карантинді орын қарастырылған.
Еске сала кетейік, бүгін таңертен коронавирус салдарынан Қытайда бір тәулік ішінде тағы 45 адам қаза тапқаны белгілі болды. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, қауіпті вирус 258 адамның өмірін қыршынынан қиды.
Қытайда аталмыш вирусты жұқтырып алғандардың саны он бір мыңнан асады.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1838944-almaty-uezajynda-kytajdan-kelgen-zolausylardy-kalaj-ktip-aluda-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.