Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейде Қытайдың бас консулы карантинге жатқызылды

Опубликовано:

Қытайдың жаңа бас консулы Цой Шаочунь ресми кездесулер өткізу үшін Ресейдің Екатеринбург қаласына барды. Алайда, дипломат екі апталық карантинге жатқызылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Қытайдың бас консулы Ресейге 6 ақпанда барған. Ол бірқатар ресми кездесулер өткізуді жоспарлаған, алайда, оларды кейінге қалдыруға тура келді. Алдағы екі апта дипломат үйінде болады.

Сонымен қатар, 7 ақпанда Екатеринбургке келіп, "Бодрость" шипажайына карантинге жатқызылған 58 қытайлықтың жағдайы жақсы екені мәлім болды. Қытайдың тағы 70 азаматы Екатеринбург түбіндегі Богданович қаласының жатақханасына орналастырылған.

Дәрігерлердің мәліметінше, оқшауланғандардың ешқайсынан вирус анықталмаған.

10 ақпандағы жағдай бойынша, коронавирустың жаңа түрінен қаза болғандар саны 908 адамға жеткен.

Айта кетейік, Түркіменстанның Лебапский уәлаятында Қытайдан эвакуацияланған Түркіменстан азаматтары мен China National Petroleum Corporation (CNPC) компаниясының қытайлық жұмысшыларына арналған лагерь аумағында коронавирустан бір адам қайтыс болған.

Сондай-ақ Германияда 13 адам коронавирустың жаңа түрін жұқтырған.

Ал Ауғанстанның солтүстік-шығысында орналасқан Бадахшан провинциясында пневмонияға ұқсас белгілері бар аурудан кем дегенде 13 бала көз жұмды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1840240-resejde-kytajdy-bas-konsuly-karantinge-zatkyzyldy/

pixel