Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайда дәрігерлер коронавирус жұқтырған адамның екі өкпесін ауыстырды

Опубликовано:

Қытайда өткен демалыста дәрігерлер пневмонияның жаңа COVID-19 типі анықталған ер азаматтың екі өкпесін ауыстырып, күрделі оталардың бірін жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Рамблерге сілтеме жасап.

Қытайда коронавирус жұқтырған адамның өкпесіне ота жасалды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Науқасқа қытайлық провинциялардың бірінде қайтыс болған донордың өкпесі берілді. Ота бес сағатқа созылып, сәтті аяқталған.

Қытайлық дереккөзге сілтеме жасаған ТАСС отаға қатысқан барлық хирург дәрігерлердің қорғаныш костюм кигенін жазды. Операция өкпені ауыстыру бойынша елдегі ең мықты маман Чэнь Цзинъюй басқарумен өткен.

Қазіргі таңда 59 жастағы ер адамның денсаулығы қалыпты, ал оның жаңа өкпесі өз жұмысын жақсы атқаруда.

Айта кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы дерегінше, Дүние жүзі бойынша Қытайды есепке алмағанда, коронавирус тіркелген мемлекеттер саны 64-ке жеткен.

2 наурыздағы ақпарат бойынша бір тәулікте коронавирус тіркелген мемлекеттер саны алтыға артқан. Вирус алғаш тараған сәттен бастап Қытайдан тыс елдерде 8774 адам ауру жұқтырып, 128 науқас қайтыс болған.

Әлем бойынша инфекция жұқтырған 88 984 адамның 80 174-і Қытайда тіркелген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, бүгінге дейін Қытай Халық Республикасында коронавирустан 2915 адам көз жұмған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1843636-kytajda-koronavirus-zktyrgan-adamny-kpesine-krdeli-ota-zasaldy/

pixel