Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мамандар Қытайда коронавирустық індеттің екінші толқыны болатынын болжады

Опубликовано:

Қытай билігінің коронавируспен күресу шаралары оң нәтиже бере бастады. Алайда сарапшылар аспан асты еліндегі індеттің екінші толқыны болатынын болжауда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Эпидемиолог Бен Каулинг жақында Қытай үкіметінің аспан асты елінің аумағында жасаған жұмысының арқасында кәсіпорындар қайтадан жұмыс істейтінін және өмір қалыпты жағдайда өтетінін мәлімдеді.

Алайда, эпидемиологтың пікірінше, бұл факт коронавирустық індеттің екінші толқынын қоздыруы мүмкін деп хабарлайды РИА Новости.

Ол көлік бағыттарын қалпына келтіру, оқу процесі және карантинге байланысты кейбір шектеулерді алып тастау - қоғамдағы жағымды көңіл-күйді ғана емес, сонымен қатар белгілі бір қауіптерді де тудыратынын жасырған жоқ.

Каулингтің деректеріне сәйкес, ол індеттің екінші толқыны қалыпты жұмыс қалпына келгеннен кейін болады деп алаңдайды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қытайдан тыс жерде коронавирусты жұқтырғандардың саны 12 мыңнан асқаны белгілі болды. Бір тәулік ішінде қауіпті дертті жұқтырғандардың саны 2 мың адамға артты.

Онлайн-дайджестің мәліметі бойынша, 5 наурызда әлем бойынша қауіпті дертті жұқтырғандардың саны 95 мыңнан асқан. Одан бөлек, 51 мың науқастың коронавирустан айыққаны анықталды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1844049-mamandar-kytajda-koronavirustyk-indetti-ekinsi-tolkyny-bolatynyn-bolzady/

pixel