Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытай ғалымдары коронавирусқа қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Әлем елдерінің тең жартысына жеткен қауіпті індет - коронавирус тараған Ухань қаласындағы университеттің ғалымдары жаңа тұжырымдамаға келді. Олар бұл дерттен емделіп шыққан адамдар өмір бойы осы аурудың зардабын тартуы мүмкін екенін алға тартты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

оооооооо
Фото: pixabay.com: Getty Images

Мамандардың пікірінше, коронавирус иынфекцияс адамның өкпе тіні мен иммунды жүйесін зақымдайды. Бұл туралы"Аргументы недели" басылымы жазады.

Бұл дегеніміз - коронавирустан емделіп шыққан адамның денсаулығы болашақта да сыр беруі мүмкін.

Чжуннань ауруханасының қызметкері Пэн Чжиюн бұл дерттен айыққан науқас өмір бойына демікпеден зардап шегетінін түсіндірді.

"COVID-19 вирусының организмге әсері ОРВИ мен СПИД-тің комбинациясына ұқсайды. Өйткені ол өкпені де, иммунды жүйені де зақымдайды", - деп атап өтті дәрігер.

Ол аурудың ерте сатысында, ең алдымен, өкпені қорғау керек екенін алға тартты.

Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылдың 31 желтоқсанында Қытай билігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Хубэй провинциясының Ухань қаласында белгісіз пневмония таралып жатқаны туралы хабарлады.

Сарапшылар індеттің қоздырғышын анықтады: ол 2019-nCoV коронавирусы болып шықты.

Соңғы дерек бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 110 034 адамды құрап отыр, инфекция 100-ден астам елге жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1844544-kytaj-galymdary-koronaviruska-katysty-ktpegen-mlimdeme-zasady/

pixel