Қытайда бір тәулікте коронавирус жұқтырудың 108 дерегі тіркелді
Опубликовано:
Қытайда бір тәулікте коронавирус жұқтырудың 108 дерегі тіркелді. Екі науқас қайтыс болып, 88 адам емделіп шықты деп мәлімдеді ҚХР денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитеті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ РИА Новости-ге сілтеме жасап хабарлайды.

108 жаңа жағдайдың 98-і сырттан келген, ал қалған 10-ы жергілікті (Хэйлунцхһзян провинциясында - жеті, Гуандун оңтүстік провинциясында -үш).
Жалпы алғанда Қытайда сырттан келген науқастар саны 1378 болды, әлі 867 адам ауырып жатыр, 38-і ауыр жағдайда, ал 511 адам аурудан айығып шыққан. Шетелден Қытайға кірген бірде-бір адамның өлімі тіркелмеген.
"Денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитет 31 провинциядан (аудан, орталыққа бағынатын қала) 82 160 коронавирус жұқтыру дерегі туралы ақпарат алды. Қазір Қытайда 1156 адам ауырып жатыр, 121-і ауыр халде, 77 663 адам ауруханадан шығарылды, 3341 адам көз жұмды", - дейді мемлекеттік комитеттен.
Айта кетейік, 13 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда барлығы 961 адам COVID-19 инфекциясын жұқтырған. Олардың 99-ы жазылып шықса, 10 адам қайтыс болды.
Өлім жағдайлары Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласы мен Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Түркістан облыстарында тіркеліп отыр. Ал әлемдегі жағдайға келер болсақ, Жер бетінде коронавирустан көз жұмғандар саны 106 мыңнан асқан.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1850380-kytajda-bir-tulikte-koronavirus-zktyrudy-108-deregi-tirkeldi/