Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Израильдегі Қытай елшісінің жұмбақ өлімі: оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Опубликовано:

Криминалистика саласының мамандары Израильдегі Қытай елшісі Ду Вэйдің ұйықтап жатқан кезінде кенеттен жүрегі тоқтап көз жұмғанын анықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ду Вэй. Фото: centralasia.media
Ду Вэй. Фото: centralasia.media: Facebook

Дипломаттың денесін резиденция қызметкері тапқан. Тергеу анықтағандай, қызметкерлер оның таңғы асқа келмегеніне алаңдай бастаған деп жазды "Вести Израиль".

Осылайша, елшінің денесі өз төсегінен табылды.

Оқиға орнына келген криминалистер өлімнің себебін анықтау мақсатында марқұмның денесін сот-медициналық сараптамаға жіберуді тапсырған.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері оның ағзасында улы заттар немесе есірткі бар-жоғын анықтау үшін сәйкес сараптама тағайындады.

Басылымның мәліметінше, тексеру нәтижесінде дипломаттың ұйықтап жатқан кезінде кенеттен жүрегі тоқтап көз жұмғаны анықталды.

Куәгерлер соңғы күндері оның сергек әрі көтеріңкі көңіл күйде жүргенін айтады. Тіпті, қайтыс болардан екі күн бұрын резиденция ауласында жақын достарына арнап сауық кешін ұйымдастырған екен.

Еске сала кетейік, бұған дейін Израильдегі Қытай елшісінің өз резиденциясында өлі күйінде табылғанын хабарлағанбыз. Дипломаттың жасы 57-де болған. Артында жұбайы мен ұлы қалды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1856220-izraildegi-kytaj-elsisini-zmbak-limi-okigany-mn-zajy-belgili-boldy/

pixel