Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайдың тағы бір қаласы коронавирусқа байланысты әскери режим енгізді

Опубликовано:

Қытай астанасына көрші Баодин қаласында әскери режим енгізілді. Оған Бейжіңдегі азық-түлік базарынан шыққан коронавирус дерегі себеп болып отыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қытайдың тағы бір қаласы коронавирусқа байланысты әскери режим енгізді
Көрнекі фото: aa.com.tr: Getty Images

Қалада әскери режим енгізілгені туралы Бейжіңнен 140 шақырым жерде орналасқан Баодин үкіметінің қаулысына сілтеме жасаған Lenta.ru хабарлады.

Қала басшылығы азғантай уақытта "әскери уақыт механизмін" бастауға шешім қабылдаған.

Осылайша, қала билігі вирус таратуға жол бермеуге үміттеніп отыр. Басшылық қала тұрғындарын жеке қорғаныс құралдарын пайдалануға шақырды. Қалалықтарға дене қызуының көтерілуі, әлсіздік пен өзін жайсыз сезіну сынды белгілер байқалса, бірден дәрігерге көріну ұсынылып отыр.

Айта кетейік, Баодин халқының саны 11 млн адамды құрайды.

Осыған дейін Бейжіңдегі үлкен азық-түлік базарында коронавирус инфекциясы тіркелген соң сауда алаңына жақын орналасқан аудандарда карантин жарияланғаны хабарланған еді.

Енді медицина қызметкерлері үйлерге кіріп, тұрғындарға КВИ анықтайтын тест тапсыртуға ниетті. Базар басшысының айтуынша, вирус балық тураға арналған тақтайдан табылған. Алдын ала болжам бойынша, ол коронавирус өршуі байқалған басқа қаладан жеткізілген.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Бейжіңде 56 күннен кейін алғаш рет коронавирус жұқтыру дерегі тіркелгенін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1860433-kytajdy-tagy-bir-kalasy-koronaviruska-bajlanysty-skeri-rezim-engizdi/

pixel