Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстанда некеге тұрғанда қос фамилия алуға рұқсат берілді

Опубликовано:

ФОТО
Көрнекі фото: pixabay.com

Өзбекстанда азаматтарға некеге тұрғанда қос фамилия алуға рұқсат берілді. Бұл туралы елдің әділет министрлігі жанындағы мемлекеттік қызметтер агенттігі мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

"Күйеу жігіт пен қалыңдыққа қос фамилия алуға рұқсат беріледі. Мысалы, күйеуінің фамилиясы Ахмедов, әйелінікі Шухратова болса, некеге тұрар кезде, олар екі фамилияны тең көрсете алады. Атап айтқанда, күйеуі Ахмедов-Шухратов, әйелі – Ахмедова-Шухратова деген фамилия алса болады", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Бұған дейін Өзбекстанда некеге тұрған арулар негізінен күйеуінің фамилиясын таңдап немесе өзінің фамилиясында қалған.

Сонымен қатар бұған дейін Қазақстан мен Өзбекстанның шекарасында жаңа қала пайда болуы мүмкін екенін жазған болатынбыз.

Шаһарды құру туралы тиісті жоба қазіргі уақытта талқыланып жатыр.

Егер жоба мақұлданса, оның құрылысына Ташкенттің Алмазар ауданының жанында орналасқан ауданының 493,5 га жері берілмек.

Сондай-ақ, жобаға сәйкес бұл аумақтардың кейбір бөліктері Қазақстан мен Өзбекстан шекарасына жақын орналасқан. Жоба 8 қыркүйекке дейін талқыланады.

Сондай-ақ Өзбекстанда коронавирустың салдарынан той-думан агенттіктері жабылып жатқанын хабарлаған едік.

Соңғы бес айда бір ғана Ташкенттің өзінде 350 ивент-агенттіктің тең жартысы жабылып қалған. Кәсіпкерлер енді жергілікті биліктен 100 адамға дейін қатыса алатын той-томалақ пен мерекелік шаралар өткізуге рұқсат сұрап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1873036-zbekstanda-nekege-trganda-kos-familia-aluga-rksat-berildi/

pixel