Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Трамп Таулы Қарабақтағы жағдайға пікір білдірді

Опубликовано:

Трамп 321
Фото: eanews.ru

АҚШ президенті Дональд Трамп Таулы Қарабақтағы шиеленістің ушығуына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

Америка басшысының айтуынша, Вашингтон Қарабақтағы оқиғаларды мұқият бақылап отыр.

"Ол өңірмен қарым-қатынасымыз жақсы. Бұны (шиеленісті – ред.) тоқтата аламыз ба, көреміз" – деді ол.

Сонымен қатар, Трамптың сайлаудағы қарсыласы, демократиялық партия өкілі Джо Байден де Қарабақтағы жағдайға алаңдаушылық білдірді. Саясаткер аталған оқиғалардың ауқымды өңірлік қақтығысқа ұласуы мүмкін екенін жеткізіп, сондықтан да шиеленістің ушығуына жол бермеуге шақырды.

Бұған дейін америкалық модель Ким Кардашьян Таулы Қарабақтағы қақтығыстарға байланысты Армения тарапына қолдау білдірген еді.

Ол тергеу жүргізу үшін өңірге халықаралық бақылаушыларды жіберуге, сондай-ақ шиеленістің ушығуына жол бермеу үшін халықаралық саяси және дипломатиялық шаралар қолдануға шақырды.

Айта кетейік, бұған дейін Таулы Қарабақтағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Әзербайжанның бірқатар өңірінде соғыс жағдайы енгізілген болатын.

Әзербайжанның қорғаныс министрлігі Арменияның әуе күштері Қарабақпен шекарадағы елді мекендерді атқылағанын хабарлады. Осы мәліметтерге сәйкес, бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бар. Арменияның қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, Қарабаққа әуеден шабуыл жасалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1876569-tramp-tauly-karabaktagy-zagdajga-pikir-bildirdi/

pixel