Қырғызстанда Ақ үйдің күл талқаны шыққанына күйінген белсенділер жанайқайын айтты
Жарияланған күні:

Ақ үйдің күл талқаны шыққанын мәлімдеген қырғызстандық белсенділер көпшіліктен ғимаратты босатуды сұрады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы 24.kg сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ақ үйдің кабинеттері мен отырыс залының тас талқаны шыққан. Компьютерлер жоғалып, есіктері сындырылған, әйнектері сынған.

Көптеген қабаттарда өрт сөндірілгеннен кейін бөлмелердің төбелерінен су сорғалап ағуда.

Елдің белсенділері ғимарат маңындағы жұрттан Ақ үйді қорғауға кірісті. Олар ғимараттың одан бетер күл талқаны шыққанын қаламауда.

Белсенділер ғимаратқа кіреберісті жауып, Ақ үйді тазалауға кіріскен. Десе де ғимаратқа түрлі жолмен кіріп кетіп жатқандар бар.

Ақ үй алдындағы қоқысты және орталық алаңды еріктілер жинастыруға тырысып жатыр. Бұл жұмысқа "Тазалық" қызметкерлері де жұмылдырылған.

Еске салсақ, бұған дейін парламент сайлауының нәтижелеріне наразы болған Қырғызстан халқы Ақ үйге басып кіргенін хабарлаған болатынбыз.

Сол арада Қырғызстанның танымал әншісі Мирбек Атабеков жұртпен бірге алаңға шықты. Парламент сайлауының нәтижелеріне наразы болған әнші жарымен бірге митингке келгені белгілі болды. Әнші наразылық акциясына қатысушыларды арандатуға бой алдырмауға шақырды.

Одан бөлек, Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков елдегі жағдайды бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеген. Ол қазіргі уақытта мемлекет басшысының Бішкекте екенін жеткізді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1877991-kyrgyzstanda-ak-jdi-kl-talkany-sykkanyna-kjingen-belsendiler-zanajkajyn-zetkizdi-foto/