Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Британияда жаңа шектеулерге наразы болған белсенді Биг-Бенге шығып алды (видео)

Опубликовано:

Биг бен британия
Фото: AP Photo / Kirsty Wigglesworth

Британия билігі елдің солтүстігінде енгізген шектеу шараларына наразылық білдерген белсенді әйгілі Биг-Бен сағаты орналасқан Елизавета мұнарасына шығып алды деп хабарлайды РИА Новости.

Вестминстер ауданының полициясы шамамен 60 жастағы ер адамның таңғы сағат 7.50-де мұнараға шығып алғанын мәлім етті.

"Шамамен таңғы сағат 7.50-де ер адам Елизавета мұнарасының айналасындағы құрылыс сатыларына шығып алды. Оқиға орнына полиция қызметкерлері жіберілді", – деп жазды полиция Twitter желісінде.

Мұнараға шығып алған ер адам құрылыс сатыларына екі плакат ілген. Оның бірінде: "Егер бүкіл өңірге екі млрд фунт стерлинг бөлінбесе, солтүстікте ешқандай үшінші деңгейлі локдаун болмасын", деп жазылса, екіншісінде "Қара нәсілділердің және барлығының өмірінің мағызы бар" делінген.

Айта кетейік, бұған дейін Франция премьер-министрі Жан Кастекс коронавирус инфекциясының жылдам таралуына байланысты жұма күннен бастап коменданттық сағат тағы 38 департаментте енгізілетінін мәлімдеген болатын.

Францияда 21 қазанда коронавирус инфекциясының рекордтық көрсеткіші тіркелген – 41 662 адам ауру жұқтырды.

Премьер-министр шектеу шараларының 46 млн адамның (Франция халқының үштен екісі) күн тәртібіне әсер ететінін мәлімдеді.

Сондай-ақ бұған дейін Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов коронавирусқа қатысты қала тұрғындарына үндеу жасап, халықты босаңсымауға шақырған еді. Себебі вирус ешқайда кеткен жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1881142-britaniada-zaa-sekteulerge-narazy-bolgan-belsendi-big-benge-sygyp-aldy-video/

pixel