Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оңтүстік Кореяда тұмауға қарсы екпеден кейін 60-қа жуық адам қайтыс болды

Опубликовано:

Оңтүстік Корея
Фото: Хабар 24

Оңтүстік Кореяда тұмауға қарсы вакцинациядан кейін 60-қа жуық адам қайтыс болды. Бірақ ел үкіметі аталған процедураны жалғастыруға бел буған деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Елдің денсаулық сақтау министрлігі науқастардың өлімін вакцинамен байланыстырмайды. Дәрігерлердің айтуынша, 17 жастағы пациентті айтпағанда, вакцинациядан кейін қайтыс болғандардың барлығы егде жастағы адамдар.

Денсаулық сақтау министрі оңтүстік кореялықтарды екпеден қорықпауға шақырды және өзі де аталған процедурадан өткен. Ол тек Кореяда жыл сайын үш мыңға жуық адам маусымдық тұмаудан қайтыс болатынын еске салды.

Ел үкіметі ақысыз вакцинация бағдарламасы жыл соңына дейін жалғасатынын айтып отыр. Себебі маусымдық тұмау эпидемиясы COVID-19 бен күресті қиындатуы мүмкін. Вакцинаны тегін ала алатын 19 миллион Корея Республикасы азаматтарының 56 пайызына екпе жасалған.

"Денсаулығы жақсы адамдарға ғана тұмауға қарсы екпе алуды ұсынамыз. Вакцинациядан кейін ауруханада 30 минут болу керек, адам өзін жақсы сезінген жағдайда кетуіне болады. Тұмау мен СOVID-19 эпидемиясының бірлесіп таралуы твиндемия деп аталады, сондықтан вакцинациялауды ұсынамыз.

70 жастан асқан және жүрек-қан тамырлары аурулары бар науқастар қауіпті топта. Вакцина алудан гөрі маска кию маңызды екенін баса айтқым келеді. Қолды мұқият жуып, дезинфекциялау керек. Жөтелген кезде аузыңызды қолыңызбен жабыңыз", - деді Тэгу қаласының алдын алу шаралары жөніндегі басқарма басшысы Мин Пок Ки.

Айта кетейік, бұған дейін Франция президенті Эммануэль Макрон COVID-19 індетінің рекордтық деңгейде таралуына байланысты елде жаңа карантин шаралары енгізілгенін мәлім еткен еді.

Ал елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны күрт өскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1882066-otstik-koreada-tmauga-karsy-ekpeden-kejin-60-ka-zuyk-adam-kajtys-boldy/