Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайдан келген көмектің "сатылғанына" қатысты "СҚ-Фармация" пікір білдірді

Опубликовано:

Қораптар
Көрнекі фото: piqsels.com

"СҚ-Фармация" желіде Қытайдан келген гуманитарлық көмек "сатылғаны" туралы таратылған видеоға қатысты түсініктеме берді. Компанияның хабарлауынша, видеодағы жәшіктер қытайлық гуманитарлық көмек бар қораптардан ерекшеленеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Гуманитарлық көмекті сату туралы бейнежазбаның желіде таралуы туралы біз келесі ақпарды хабарлаймыз. Қытайдан медициналық маска түріндегі гуманитарлық көмектің медициналық түбіртек түріндегі соңғы түсімі ағымдағы жылдың 1 шілдесінде келіп түсті, хирургиялық маскалар 500 000 дана, №95 медициналық маскалар – 99 984 дана. Келген жүк Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және облыс орталықтарына үлестірілді", – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Қораптағы маскалардың сатылатыны туралы видео Kozachkov offside Telegram арнасында пайда болды.

"Бұл гуманитарлық көмек емес пе? Қытай туы және қызыл кірес", – деп жазылған видеоның сипаттамасында.

"СҚ-Фармация" Қытайдан келген нақты гуманитарлық көмек салынған жәшіктердің түрі басқаша дейді.

"Желіде тараған видеодағы жәшіктердің сыртқы келбеті Қытайдан 2020 жылдың шілдесінде Бірыңғай дистрибьютердің мекенжайына жіберілген жәшіктерге сәйкес келмейтінін ескеру қажет.

Бірыңғай дистрибьютор Қазақстанға келетін гуманитарлық көмектің жалғыз алушысы емес екенін де хабарлаймыз. Сонымен қатар, жеке адамдар медициналық өнімдерді шет елдерден, соның ішінде маскалар сатып алуға құқылы", – деп түсіндірді "СҚ-Фармацияда".

Компания Қазақстанға келетін гуманитарлық көмек тұрған қоймаларда бейнебақылау жүргізілетінін, медициналық ұйымдар келген көмекті құжаттармен тексеретінін түсіндірді.

Еске салсақ, бұған дейін "СҚ-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев айына қанша жалақы алатынын мәлім еткен еді.

Оған қоса, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясының екінші толқынына дайындық жөніндегі кеңесте тапсырмаларды орындау кезінде асыра сілтеушілік болғаны үшін үкіметке ескерту жасады. Мәселен, "СҚ-Фармация" және МӘМС ісін тергеу салдарынан шенеуніктер бүкіл денсаулық сақтау жүйесін цифрландыруды тоқтатып қойған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1883085-kytajdan-kelgen-kmekti-satylganyna-katysty-sk-farmacia-pikir-bildirdi/

pixel