АҚШ-тағы сайлау: Байденнен 20 дауысты алып тастап, жеңісін "тартып алды"

Опубликовано:

Джо Байден крупным планом
Джо Байден. Фото: Drew Angerer/Getty Images

RealClearPolitics америкалық порталы Джо Байденнен сайлаушылардың 20 дауысын алып тастап, оны АҚШ-тағы президент сайлауындағы жеңісінен айырды.

Сайттың мәліметінше, Джо Байденде енді 259 дауыс болып қалды. Саясаткердің сайлаудағы жеңісін ресми түрде жариялау үшін тағы 11 дауыс керек.

Агрегатор президенттікке үміткерден Пенсильвания штатындағы сайлаушылардың 20 даусын тартып алды. Соның нәтижесінде аталған штат енді өзге төрт штат секілді ауытқушы болып белгіленді.

Сайлаушылар даусы бойынша ауытқып тұрған штаттар қатарына Пенсильваниядан басқа Аризона, Аляска, Джорджия және Солтүстік Каролина кіреді.

Алайда, оған қарамастан, Байден бәрібір көш бастап тұр. Себебі, Дональд Трамптың еншісінде әлі де 214 дауыс.

Сайт нәтижелерімен алғашқылардың бірі болып, Трамптың қорғаушысы Руди Джулиани Twitter парақшасында бөлісіп, Байденнен "жеңіс тартып алынғанын" жазды.

RealClearPolitics негізін қалаушысы әрі президенті Том Бивен Джулианидің жазбасына бірден жауап берді.

"Бұл жалған. Біз ешқашан Пенсильвания штатында біреудің жеңісін болжаған емеспін. Ештене өзгерген жоқ" , - деп жазды ол Twitter парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1884037-aks-tagy-sajlau-bajdennen-20-dauysty-alyp-tastap-odan-zeisti-tartyp-aldy/