Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дания билігі қаракүзендерді жаппай жою қате шешім болғанын мойындады

Опубликовано:

Қаракүзен
Фото: Ole Jensen/Getty Images

Данияның азық-түлік жөніндегі министрі Могенс Йенсен TV2 телеарнасындағы эфирде елдегі ауырмаған қаракүзендерді жою қате шешім болғанын мойындады деп хабарлайды РИА Новости.

"Біз қателестік", – дейді ресми өкіл.

Могенс Йенсентің айтуынша, үкіметте коронавирус жұқтырған жануарлар анықталған фермалардан тыс қаракүзендерді өлтіруді талап етуге заңды негіз болмаған.

Дженсен өзі басқаратын министрлікте болып жатқан жағдайға қатысты жауапкершілікті толықтай өз мойнына алатынын атап өтті.

Сейсенбіде фолькетингте (Дания парламентінде) сөз сөйлеген премьер-министр Метте Фредериксен да бірқатар өткір сұрақтарға жауап бере отырып, қатесін мойындауға мәжбүр болған.

Berlingske басылымының жазуынша, Дания үкіметінің мутацияланған коронавирустың таралуына байланысты елдегі барлық қаракүзенді жою туралы шешімі парламенттің наразылығын тудырған.

Үкімет қаулысына мал өсірушілер де наразылық білдірген, өйткені бұл аса жетілген сала.

Айта кеткен жөн, бұған дейін Дания билігі адамдар арасында аурудың жаппай таралуын болдырмау үшін коронавирустың мутацияланған түрін жұқтырған болуы мүмкін барлық қаракүзендерді жою туралы шешім қабылдаған еді.

Бұл туралы корольдіктің премьер-министрі Метте Фредериксен мәлімдеген болатын. Белгілі болғандай коронавирус инфекциясы осы түрдегі жануарлар арасында таралуы және қаракүзендерден адамға да жұғуы мүмкін екен.

Еске салсақ, кәрі құрлықта індет кеңінен таралған елдің бірі Ұлыбританияда 5 қарашадан бастап карантин енгізілген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1884140-dania-biligi-karakzenderdi-zappaj-zou-kate-sesim-bolganyn-mojyndady/

pixel