Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев пен Путин Таулы Қарабақтағы жағдайды талқылады

Опубликовано:

Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті
Фото: kremlin.ru

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды Ақорда сайты.

Мемлекет басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, Президенттер екі елдің халықаралық ұйымдар мен интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі өзара ықпалдастығы туралы пікір алмасты.

Таулы Қарабақтағы қалыптасқан жағдайға ерекше назар аударылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан мен Арменияның қақтығыс аймағындағы соғысты және барлық әскери қимылдарды тоқтау туралы келісімге келуінде Ресейдің, соның ішінде, Владимир Путиннің араағайындық қызметін жоғары бағалады.

"Ресейдің белсенді араласуымен осыған дейінгі ұзақ жылдарға созылған қақтығыстардың бір бітімге келуін қамтамасыз ететін Таулы Қарабақтағы соғысты тоқтату туралы жасалған келісімнің маңызы зор. Мүдделі тараптар Бірлескен мәлімдеменің шарттарын сақтайды деп үміттенемін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Екі елдің президенттері Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық және одақтастық сипатындағы байланыстарды нақтылады.

Айта кетейік, осыған дейін еліміздің сыртқы істер министрлігі Таулы Қарабақтағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасаған еді.

"Әзербайжан Республикасы президентінің, Армения Республикасы премьер-министрінің және Ресей Федерациясы президентінің Таулы Қарабақ қақтығысы аймағындағы атысты және барлық әскери іс-қимылдарды тоқтату туралы мәлімдемесін жоғары бағалаймыз. Қол жеткізілген уағдаластықтар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларына сәйкес келеді және Таулы Қарабақ проблемасын реттеу үшін негіз бола алады.

Осы келісімге қол жеткізудегі Ресей Федерациясының сындарлы рөлін және оның уағдаластықтарды іс жүзінде іске асыруға бағытталған бітімгершілік күш-жігерін ерекше атап өтеміз. Осы күрделі кезеңде әзербайжан мен армян халықтары берік бейбітшілік пен келісім орнату, өңірде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сенімді іргетас қалауға ұмтылатындарына үміттенеміз", - делінген ресми хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1884226-tokaev-pen-putin-tauly-karabaktagy-zagdajdy-talkylady/

pixel