Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайда коронавирустың жаңа ошағы анықталды

Опубликовано:

Қытайдағы коронавирус
Көрнекі сурет: Zou Hong/chinadaily.com.cn

Соңғы тәулікте Қытайда коронавирустың жаңа түрін жұқтырған 118 адам тіркелді деп хабарлайды Қытайдың мемлекеттік денсаулық сақтау комитеті.

Мекеме таратқан мәліметтерге сәйкес, вирус өзге елден келген 12 тұрғын мен 106 жергілікті тұрғыннан анықталып отыр.

Дерттің жаңа ошағы - Цзилинь провинциясында. Бүгінде барлығы 32 науқастың ауруханадан шыққандығы хабарланды. Вирус жұқтырған адамдармен тығыз байланыста болған 1286 адам да медициналық бақылаудан босатылған. COVID-19-дың жаңа түрінен қайтыс болу жағдайлары тіркелмеген.

ДДСҰ мәліметтері бойынша, Қытайда барлығы 99 мыңға жуық адамның коронавирус дертін жұқтырғаны расталған, оның ішінде 4804-і дертті еңсере алмай, қайтыс болған.

Еске салсақ, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша қызыл аймаққа өткенін жазған едік.

Келтірілген мәліметке сүйенсек, бүгінде "қызыл аймақта" Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы бар. Солтүстік Қазақстан облысы бұған дейін "сары аймақта" болған.

Одан бөлек, еліміздің денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкіметтің онлайн-отырысында коронавирусқа қатысты 2021 жылға арналған болжаммен бөліскен еді.

Оның сөзінше, аурудың шарықтау шегі наурыз айының соңында болуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1894490-kytajda-koronavirusty-zaa-osagy-anyktaldy/

pixel