Қытаймен шекарадағы өткізу бекеті уақытша жабылады

Опубликовано:

Тоқта
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қытаймен шекарадағы "Нұр жолы" өткізу бекеті осы жылдың 21 мен 23 наурызы аралығында жұмыс істемейді. Бұл туралы қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, бұл шектеулер Наурыз мейрамына байланысты енгізілген.

Сонымен бірге осы күндері адамдар да, көліктер мен жүктер де өткізілмейтіні хабарланды.

Министрлік тасымалдаушылар мен шекараны кесіп өткісі келетіндерден шектеуді ескеріп, өз бағдарын алдын ала жоспарлауды сұрады.

Еске сала кетсек, Түркістан облысының полицейлері заңсыз көші-қон ұйымдастырған күдіктілерді ұстаған еді.

Келес полициясына жергілікті тұрғынның бірінен хабарлама келіп түскен.

Аталған хабарламада өңірімізде әлдебір адамдар Өзбекстаннан заңсыз келушілерді шекарадан өткізіп, ақша алып жүргендігі туралы көрсетілген.

Ақпарат алысымен облыстың тәжірибелі полицейлері, аудандық тәртіп сақшыларынан арнайы топ құрылғаны белгілі болды.

Барлық қажетті жедел іс-шаралары жүргізілді, жеткілікті ақпараттар жинақталған.

Нәтижесінде Келес ауданының 2 тұрғыны Өзбекстан азаматын шекарадан өткізбек болған жерінен қолға түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1904272-qytaimen-sekaradagy-otkizu-beketi-uaqytsa-zabylady/