jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Азамат Қабетов
Азамат Қабетов
Бұрынғы қызметкер

Қытайдағы қалалардың бірінде су тасқыны болып, мыңдаған адам эвакуацияланды (видео)

Қытайдағы тасқын
Фото: Zhu Zhe/VCG via Getty Images

Қытайдың Хэнань провинциясындағы Гунъи қаласында болған су тасқыны кезінде кем дегенде бір адам қаза тауып, тағы екі адам із-түссіз жоғалды деп хабарлайды CNN.

"Бұл жолы бір сағаттағы және тәуліктегі жауын-шашын мөлшері 1951 жылы Чжэнчжоу метеорологиялық бюросы құрылғаннан бергі 60 жылдағы тарихи рекордты жаңартты. Соңғы үш күндегі қаладағы жауын-шашын мөлшері өткен жылы түскен жалпы мөлшерге тең болды", – делінген метеорологиялық бюроның хабарламасында.

Жұмадан бастап Қытайдың орталық бөлігіндегі Хэнань провинциясында толассыз жаңбыр жауып, 144 660-тан астам тұрғын зардап шекті. 10 000-нан астам адам қауіпсіз жерлерге көшірілді.

Жауын-шашынның ең көп мөлшері Лушан округіндегі Пиндиншань қаласында тіркелді, ондағы жауын-шашын мөлшері 400,8 мм болды. Бұл жауын-шашын Қытайдың осы бөлігінен едәуір үлкен қашықтықта болған Чемпака, Ин-фа тайфундарымен байланысты болуы мүмкін.

"Чемпака" тайфуны сейсенбіде Қытайдың оңтүстік-шығыс жағалауына жақындағанда тез күшейіп, Гонконгтың оңтүстік-батысына қарай 240 шақырымдай жағалауға жетті. Ин-фа тайфуны Тынық мұхитының солтүстік-батысында күшейіп, Жапонияның кейбір бөлігііне әсер ете бастады. Алдағы демалыс күндері Тайвань мен Қытайдың біраз бөлігінде дауыл соғуы мүмкін деген болжам бар.

Еске салсақ, Батыс Еуропада болған алапат су тасқыны салдарынан кем дегенде 189 адам қаза тауып, жүздеген адам із-түзсіз жоғалып кеткені туралы жазған едік.

Қытайдағы қалалардың бірінде су тасқыны болып, мыңдаған адам эвакуацияланды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.