Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кабулге ұшқышсыз ұшатын зымыран құлап, 9 адам мерт болды

Опубликовано:

Ұшақ ұшып бара жатыр
Көрнекі фото: Marcus Yam/Los Angeles Times

Америка әскерилері жексенбі күні Кабулдағы жарылыстың ұшқышсыз ұшатын зымыранның жарылғыш зат орнатылған көлікке соқтығысуы салдарынан болғанын растады. Көліктің ішінде "Ислам мемлекеті" тобының ауған бөлімшесіндегі жанкешті лаңкесі болған деп хабарлайды ҚазАқпарат.

BBC агенттігінің хабарлауынша, бұған дейін америкалық әскерилер Кабул әуежайына тағы да шабуыл жасалуы мүмкін екенін ескерткен еді. Олардың мәліметінше, көлікке мінген жанкешті кезекті теракті жүзеге асырмақ болған. Бейсенбі күні жарылыс салдарынан 170 адам қаза тапты.

АҚШ Орталық қолбасшылық өкілі Билл Урбанның хабарлауынша, Пентагон зымыран салдарынан бейбіт тұрғындардың көз жұмуы туралы хабарды тексеріп жатыр.

CNN мәліметінше, жексенбі күні жарылыс салдарынан тоғыз адам, соның ішінде алты бала қаза тапқан. Олардың бәрі бір отбасы мүшелері.

Батыс елдері Ауғанстаннан өз адамдарын эвакуациялап жатыр. 31 тамызда НАТО елдерінің әскерилері бұл мемлекеттен кетуі тиіс.

Дүйсенбі күні таңертең Кабул әуежайына қарай бес зымыран ұшырылған, оларды АҚШ зымыранға қарсы қорғаныс жүйесі ұстап қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1929498-kabulge-usqyssyz-usatyn-zymyran-qulap-9-adam-mert-boldy/

pixel