Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үндістанда 50-ге жуық бала жұмбақ безгектен қайтыс болды

Опубликовано:

Ауруханадағы балалар
Фото: Getty Images

Үндістанның солтүстігіндегі Уттар-Прадеш штатының бір бөлігінде балалардың дене қызуы көтеріліп, белгісіз аурумен сырқаттанып жатыр деп хабарлайды Би-би-би.

Пациенттердің көпшілігі буындардағы ауырсынуға, бас ауруларына, дегидратацияға және жүрек айнуына шағымданған. Кейбір жағдайларда балалардың аяқ-қолдарына бөртпелер тараған.

Кем дегенде 50 адам безгектен қайтыс болып, бірнеше адам штаттың шығыс бөлігіндегі алты ауданда ауруханаға жатқызылған. Зардап шеккендердің ешқайсысында COVID-19 оң нәтиже бермепті.

Агра, Матхура, Майнпури, Эта, Касгандж және Фирозабад секілді зардап шеккен бірнеше аудандардағы дәрігерлер бұл науқастардың өлімінің негізгі себебі денге безгегі, вирустық инфекция деп есептейді.

Көптеген науқас ауруханаға тромбоциттер санының азаюымен түскен, бұл қанның ұюына көмектесетін компонент, денге безгегіне тән симптом.

"Науқастар, әсіресе балалар, ауруханаларда тез өледі", – деді доктор Нита Кульшреста, Фирозабад аймағының денсаулық сақтау қызметкері,

Онда соңғы аптада 40 адам қайтыс болған, оның ішінде 32-сі – балалар.

Аналық маса тарататын денге – бұл тропикалық ауру, ол Үндістанда жүздеген жыл бойы таралған. Бұл 100-ден астам елде эндемикалық, бірақ жағдайлардың шамамен 70 пайызы Азияда.

Денге безгегінің төрт вирусы бар, балалар ересектерге қарағанда екінші денге инфекциясынан бес есе жиі көз жұмады.

Жыл сайын бүкіл әлемде қызбаның 100 миллионға жуық ауыр жағдайы тіркеледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1929900-undistanda-50-ge-zuyq-bala-zumbaq-bezgekten-qaitys-boldy/

pixel