Қытай әйелге ұқсайтын еркектерді теледидардан көрсетуге тыйым салды
Опубликовано:

Бет әлпеті қызға ұқсайтын еркектер телеарнадан көрсетілмеуі тиіс. Қытай билігі осыған тыйым салды деп хабарлайды Хабар 24.
Енді телеарналар әдепсіз интернет жұлдыздарын дәріптеу және байлық пен атақ-даңқты насихаттаудан аулақ болуы қажет. Мұның орнына Қытайдың дәстүрлі мәдениеті мен социализмнің озық мәдениетін көрсетуге басымдық беріледі.
Айта кетейік, бірер күн бұрын ғана Қытай үкіметі кәмелет жасқа толмаған жеткіншектерге аптасына 3 сағаттан артық онлайн ойын ойнауға болмайтынын жария етіп, тыйым салған болатын. Билік өкілдерінің айтуынша, бұл шара танымал адамдарға тым қатты еліктемеуге септігін тигізеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1930477-qytai-aielge-uqsaityn-erkekterdi-teledidardan-korsetuge-tyiym-saldy/