Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пермь университетіндегі атыс: Қайтыс болғандар саны сегіз адамға жетті

Опубликовано:

Шабуылдаушы
Видеодан кадр: РБК Telegram каналы

Ресейдің Пермь қаласындағы университетке жасалған қарулы шабуыл салдарынан қаза тапқандар саны сегіз адамға жетті. Бұл туралы РИА Новости агенттігі өзінің Telegram каналында хабарлады.

Сондай-ақ, "Раньше всех. Ну почти" Telegram каналының дерегінше, қанды оқиғадан зардап шеккендер саны 24 адамға жеткен.

Одан бөлек, жеті адам ауруханаға жеткізілген. Науқастардың бірінің жағдайы ауыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Пермь қаласындағы Пермь мемлекеттік университетінде атыс болғанын хабарлаған едік.

Атыс кезінде травматикалық қару қолданылған. Оқиға куәгерлері қолына қару алып ғимаратқа қарай бет алған ер адамды видеоға түсіріп алған.

Шабуыл жасаған адам ұсталды. Ол аяғынан жарақат алған.

Айта кетсек, бұған дейін атыстан бес адамның қайтыс болғаны хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1932919-perm-universitetindegi-atys-qaitys-bolgandar-sany-segiz-adamga-zetti/

pixel