Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Вакцина салдырмаған Бразилия президентін Нью-Йорктегі мейрамханаға кіргізбей қойды

Опубликовано:

Жаир Болсонару
Фото: instagram/gilsonmachadoneto

Бразилия президенті Нью-Йорктегі қатаң карантиндік шектеулерге байланысты көшеде тамақтануға мәжбүр болды деп хабарлайды Folha De S. Paulo.

Нью-Йоркте коронавирусқа байланысты қабылданған қатаң шектеулер әлі де өз күшінде.

Мейрамханалар мен басқа да осыған ұқсас мекемелерге коронавирусқа қарсы вакцина салдырмаған тұтынушыларға қызмет көрсетуге тыйым салынады.

Бразилия президенті Жаир Болсонару қалаға БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысу үшін келген. Бірақ вакцина салдырмаған оны тамақтану мекемелері кіргізбеген. Сондықтан Жаир Болсонару пиццаны көшеде жеуге мәжбүр болған.

Президенттің жанында АҚШ-қа бірге келген әріптестері болған.

Айта кетейік, бұған дейін Нью-Йорк мэрі Билл де Блазио БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысуға келетіндерден коронавирусқа қарсы вакцина салдыруды сұраған болатын.

Сондай-ақ, Ұлыбританияда анасы коронавирусқа қарсы екпе салдырмаған қызын отбасылық мекемеге кіргізбей қойған еді.

Бұған дейін мекеме қожайындары пабқа қарт адамдарды кіргізуден бас тартқан, өйткені олардың коронавирус инфекциясын жұқтыру ықтималдығы жоғары.

Алайда ақыр соңында ерлі-зайыпты вакцина салдырмаған жанның барлығына мекемеге кіруге тыйым салған. Жаңа ережелер жақын туыстарына да қатысты.

Паб қожайыны қабылданған жаңа ереже ұзақ жылдар бойы мекемеге келіп жүрген әрі пандемия кезінде қолдаған адал клиенттерді қорғауға арналғанын айта кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1933041-vakcina-saldyrmagan-braziliya-prezidentin-nyu-iorktegi-meiramxanaga-kirgizbei-qoidy/

pixel