Конгода БҰҰ қызметкерлерінің өліміне байланысты 51 адам өлім жазасына кесілді

Опубликовано:

Түрме
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Конго Демократиялық Республикасында БҰҰ-ның екі қызметкерінің өліміне байланысты 51 адам өлім жазасына кесілді. Мұндай шешімді әскери сот шығарды, деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымның мәліметінше, әңгіме осыдан бес жыл бұрын қаза болған БҰҰ-ның екі сарапшысы - Швеция азаматшасы Зайда Каталан мен АҚШ азаматы Майкл Шарптың өлімі жайында.

Оларды 2017 жылы наурыз айында Касаи өлкесіне сапары кезінде ұрлап кеткен. Ал сол айдың соңында екеуі де өлі күйінде табылған.

Бұл жайттан кейін сот алдында 54 адам келген. Олардың бірі 10 жылға бас бостандығынан айырылса, екеуі ақталып шыққан. Қалған 51 адам ең ауыр жаза - өлім жазасына кесілген.

Алайда елде 2003 жылы өлім жазасына мораторий енгізілгендіктен, олар жазасын өмір бойы түрмеде өтейтін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1953694-kongoda-buu-qyzmetkerlerinin-olimine-bailanysty-51-adam-olim-zazasyna-kesildi/

jitsu gif