Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Киев мэрі 9 қабатты тұрғын үйге құлаған снаряд салдарынан жарақат алғандар туралы айтты

Опубликовано:

Снаряд құлаған 9 қабатты үй
Снаряд құлаған 9 қабатты үй: telegram/unian

Киевтің мэрі Виталий Кличко тұрғын үйге құлаған снаряд салдарынан үш адам жарақат алғанын хабарлады. Олардың біреуі ауыр халде, деп жазады УНИАН.

Одан бөлек, тоғыз қабатты тұрғын үйдің құлау қаупі бар. Снарядтың құлауы нәтижесінд үйдің төртінші қабатынан тоғызыншы қабатына дейінгі бөлігі өртке оранған. Оқиға орнына құтқарушылар аттанған.

Еске салсақ, куәгерлер Киевте алты бірдей жарылыс болғанын жазуда. Бірнеше секундтың ішінде екі бірдей жарылыс бірінен соң бірі орын алған.

Ресми тұлғалар бұл қанатты немесе баллистикалық зымырандардың соққысы деген болжам жасауда.

Снарядтардың бірінің құлауы кезінде көпқабатты тұрғын үй өртке оранды. Төртінші қабаттан тоғызыншы қабатқа дейін өртеніп, оқиға орнына құтқарушылар шықты. Қазіргі уақытта өрт сөндірілді. 150 адам эвакуацияланды. 20-сы құтқарылды. Тағы сегіз адам жарақат алды.

"Сағат 05:37-де Кошица 7А көшесіндегі көп пәтерлі тұрғын үйдегі өрт 100 шаршы метр алаңда жойылды", - деп хабарлады Украинаның ТЖ жөніндегі мемлекеттік қызметі.

Еске салсақ, Украина Президенті Кеңсесінің кеңесшісі украиндықтарға жаңа соққылар туралы ескерткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1957922-kievtin-meri-9-qabatty-turgyn-uige-qulagan-snaryad-saldarynan-zaraqat-algandar-turaly-aitty/

pixel