Метроға жасырынған халық пен жарылған көпір: Киев маңында қазір не болып жатыр (видео)

Опубликовано:

"Оболонь" метросы
"Оболонь" метросы. Кадр видеодан: telegram/unian

Украинадағы жағдай туралы әлеуметтік желілер шұғыл хабарламалар таратуда. Бірер уақыт бұрын Украина қорғаныс министрі Анна Маляр ресейлік әскерилер Украина қарулы күштерінің бірнеше автокөлігін басып алып, Киев бағытында келе жатқанын мәлімдеді. Одан бөлек, Украиналық тарап Ресей әскерін өткізбеу мақсатында Новоирпен трассасына апаратын көпірді жарған, деп хабарлайды УНИАН.

УНИАН Telegram-каналында Киев түбіндегі Новоирпен трассасына апаратын көпірдің жарылғаны туралы ақпарат тарады.

Басылымның хабарлауынша, бұл көпір қарсыластардың жолын жабу мақсатында жойылған.

Одан бөлек, Киев облысының Гостемель ауданында да жарылыстар дауысы естілуде.

Сонымен бірге, Херсон облыстық әкімшілігі тұрғындарды бомбапаналарға тезірек жетуін сұраған.

"Тұрғындардан барлық шаруаны тастап, тез арада бомбапанаға жетуді сұраймыз. Ондай мүмкіндік болмаса, үйлеріңізде қалып, терезелерге жақындамаңыздар", - деді Хорсон облыстық әкімшілігінің төрағасы Геннадий Лагута.

УНИАН-ның хабарламаларына сәйкес, Киевтің солтүстігінде орналасқан Оболонь елдімекенінде де жағдай тұрақты емес. Бұл туралы Украинаның қорғаныс министрлігі мәлімдеген.

"Оболоньда диверсиялық-тінту тобы жүр", - делінген ресми хабарламада.

Луган облысының Старобельск қаласынан өртенген үйлердің видеолары таралуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1957962-metroga-zasyryngan-xalyq-pen-zarylgan-kopir-kiev-manynda-qazir-ne-bolyp-zatyr-video/