Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресей "Евровидениеге" қатысу мүмкіндігінен айырылды

Опубликовано:

Евровидение
Фото: UGC

Ресейлік әртістер биыл "Евровидениеге" қатыса алмайды. Байқау ұйымдастырушыларының мәлімдемесі ресми Twitter-парақшада жарияланды.

"Еуропалық хабар тарату одағы бірде-бір ресейлік орындаушы биыл "Евровидение" байқауына қатыспайтынын мәлімдеді", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Еуропа Кеңесі Ресейдің ұйымдағы мүшелігін тоқтатқанын хабарлаған еді.

Еске салсақ, 22 ақпанда Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Донецк халық республикасы мен Луганск халық республикасының тәуелсіздігін мойындау туралы жарлыққа қол қойған болатын. Ресейдің бұл шешімі әлем елдерінің наразылығын тудырып, бірқатар мемлекет бұл жайтқа ашық түрде қарсы шықты. Бұл әрекетті Украина президенті Владимир Зеленский "Украинаның аумақтық тұтастығын бұзу" деп атады.

23 ақпанда Еуроодақ Донецк және Луганск халық республикаларын мойындаған Ресейге қарсы санкциялар жариялады.

Араға екі күн салып, 24 ақпанда Владимир Путин ресейліктерге үндеу жасап, Донбасста арнайы әскери операция жүргізу туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді.

Украинадағы жағдайға байланысты қазақстандықтарды қауіпсіз жерге көшіру шаралары басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1958074-resei-evrovideniege-qatysu-mumkindiginen-aiyryldy/

pixel