Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біз берілмейміз": Украинаның сыртқы істер министрі келіссөз қарсаңында өз елінің басты мақсатын атады

Опубликовано:

Дмитрий Кулеба, Украина сыртқы істер министрі
фото: regnum.ua

Украинаның Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба келіссөз барысында Украина тарабының берілмейтінін және ешқандай капитуляция болмайтынын айтты, деп хабарлайды УНИАН.

Бұл туралы Кулеба шетелдік журналистермен өткізген брифингте мәлімдеді.

"Белоруссиялық қарулы күштердің соғысқа қатысу мүмкіндігі жақындай түсті. Тап осы жағдайға байланысты президент Зеленский мен президент Лукашенко сөйлескен болатын. Өйткені, біз солтүстігімізді қорғап, сол жақтан келетін қауіпті азайтуымыз қажет", - деді Кулеба.

Осы орайда, министр украиналық биліктің шекараға делегация жіберуге келіскенін айтты.

"Біз Ресейдің әскери базасы орналасқан Беларусьтің Гомель қаласына бармаймыз. Тек шекарада кездесеміз. Біз ол жаққа Ресейді тыңдау үшін барамыз. Біз ол жаққа бұл соғыс пен Ресейдің іс-қимылы туралы өз ойымызды айтуға барамыз", - деді Кулеба.

Министрдің айтуынша, Александр Лукашенко келіссөз аяқталған соң белоруссиялық қарулы күштер Украинаға қарсы күш қолданбайтынына сендірген.

"Келіссөз аяқталған соң біз қайтадан өз елімізді қорғауға кірісеміз. Лукашенко сөзінде тұрады деп сенеміз. Егер келіссөз қорытындысы бойынша бейбітшілік туралы шешім қабылданса, бұған жақсы қараймыз. Тағы да қайталап айтамын, біз берілмейміз! Біз жапырақ жерімізді де бермейміз!", - деді Украина Сыртқы істер министрі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1958279-biz-berilmeimiz-ukrainanyn-syrtqy-ister-ministri-kelissoz-qarsanynda-oz-elinin-basty-maqsatyn-atady/

pixel