Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемге әйгілі украиналық боксшы Василий Ломаченко туған қаласын қорғау үшін қолына қару алды (фото)

Опубликовано:

Василий Ломаченко туған қаласын қорғауда
фото: championat.com

Бокстан екі дүркін Олимпиада чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы әрі Еуропа чемпионы Василий Ломаченко Одесса облысындағы туған қаласын қорғауға келді, деп жазады championat.com-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әлемге әйгілі боксшы Одесса облысындағы Белгород-Днестровский қаласында туған. Ломаченконың аймақтық қорғау батальонына қосылғаны туралы қала мэрі Facebook парақшасында хабарлады.

"Белгород-Днестровский қаласында аймақтық қорғау батальоны құрылып, қаруландырылды. Біздің жауынгерлер туған қаласындағы тәртіпті сақтауға көмектесіп, диверсанттар мен тонаушыларды кіргізбейді. Олардың қатарында Василий Ломаченко да бар", - деп жазды қала мэрі Виталий Граждан.

Айта кетелік, Василий Ломаченко 2008 жылғы Бейжің, 2012 жылғы Лондон Олимпиадаларында топ жарған.

Василий Ломаченко туған қаласын қорғауда
фото: championat.com

Ол кәсіби бокстан үш салмақ дәрежесінде әлем чемпионы саналады. Ресей Украинаға қарсы күш қолданған сәтте Ломаченко әлеуметтік желіге дұға жариялап, әлемде бейбітшілік болуын құдайдан тілеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1958287-alemge-aigili-ukraindyq-bokssy-vasilii-lomacenko-tugan-qalasyn-qorgau-usin-qolyna-qaru-aldy-foto/

pixel