Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл - соғыстың келбеті": Украинада бомбадан қашқан жүкті аналар сәбилерін метрода дүниеге әкелді

Опубликовано:

сәби
Көрнекі фото: pixabay.com

Ресей Украинада әскери іс-қимылдар бастағалы бері, Украина аумағындағы метроларда алты сәби дүниеге келген. Бомбадан қашып, жерасты жолында бас сауғалаған жүкті аналардың айы-күні жеткен, деп хабарлайды ukraine.now Telegram парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

25-27 ақпан аралығында Украинадағы метро станцияларында алты бала дүниеге келген. Олардың арасында екі қыз, екі ұл және егіздер бар.

"Бұл - өмір алға басқанының, біздің берілмейтініміздің белгісі. Олар жақын арада жылы үйлеріне оралып, дабыл және оқ үнін естімейді деп сенеміз", - делінген жазбада.

Киев метросында дүниеге келген сәбилердің біріне Мия есімі берілді. Дәрігерлердің мәліметінше, жаңа туған нәрестелер мен аналарының жағдайы бірқалыпты.

Айта кетелік, қазіргі сәтте Украина қалаларындағы метро станциялары бейбіт тұрғындар бас сауғалайтын орынға айналған. Қарапайым халық жан сақтау үшін жертөле, жерасты жолдары мен метроларды паналап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1958331-ukrainada-bombadan-qasqan-zukti-analar-sabilerin-metroda-duniege-akeldi/

pixel