Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер басталды (видео)
Опубликовано:

Беларусь мемлекетінің аумағында Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер басталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қос делегацияның кездесуі украиналық шекараға жақын маңдағы Припять өзенінің жағалауында өтіп жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ресейлік делегация Украина тарабымен келіссөз жүргізу үшін Беларуське келгенін хабарлаған еді.
Бұған қатысты Украина президенті Владимир Зеленский жауап беріп, келіссөз алаңы ретінде Беларусь территориясын емес, басқа да қалаларды таңдауға болатынын айтқан.
Оның сөзінше, Киев Ресей тарабына келіссөз алаңы ретінде - Варшава, Будапешт, Стамбұл, Баку сынды қалаларды ұсынған.
Кейінірек Зеленский Беларусьте келіссөздер жүргізуге келісті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1958442-resei-men-ukraina-delegaciyalarynyn-kelissozderi-bastaldy-video/