Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Apple Ресейде өз өнімдерін сатуды ресми түрде тоқтатып, қызметтерінің жұмысын шектеді

Опубликовано:

Apple компаниясы
Көрнекі фото: pixabay.com

Apple компаниясы Ресейде өз өнімдерін сатуды тоқтату туралы ресми түрде мәлімдеді. Сонымен қатар, Apple аталған елдегі қызметтерінің жұмысын шектемек.

Компания мәлімдемесін ТАСС басылымы жариялады.

"Біз Ресейде барлық тауарымызды сатуды тоқтаттық. Өткен аптада біз елдегі дистрибьюторларға барлық экспортымызды тоқтаттық. Apple Pay және басқа да қызметтерді пайдалану шектеулі.

RT News және Sputnik News қосымшаларын Ресейден тыс жерде App Store қосымшасынан жүктеуге болмайды. Біз Украина азаматтары үшін қауіпсіздік шарасы ретінде Apple Maps-та трафик демонстрациясы мен оқиғалар туралы хабарлауды өшірдік",- делінген хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін ресейліктер Apple ресми сайтында техникаларды сатып ала алмайтыны белгілі болған еді. Барлық тауарды "жеткізу" бағанында "қазіргі уақытта қолжетімсіз" екені көрсетілген.

Ал қазір компанияның ресми сайтында iPhone, iPad, MacBook, Apple Watch, AirPods және "ақылды" үйге арналған тауарларға тапсырыс беруге мүмкіндік жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1958747-apple-reseide-oz-onimderin-satudy-resmi-turde-toqtatyp-qyzmetterinin-zumysyn-sektedi/

pixel