Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Канада әуежайында ресейліктер мінген чартерлік ұшақ тоқтатылды

Опубликовано:

Ұшақ
Көрнекі фото: pixabay.com

Канаданың көлік министрі Омар Альгабра Twitter желісіндегі парақшасында Йеллоунайф әуежайында Ресей азаматтары мінген чартерлік ұшақ тоқтатылғанын хабарлады.

"Йеллоунайф әуежайында ресейлік шетелдік азаматтар мінген чартерлік ұшақ тоқтатылды. Біз Украинаға басып кіргені үшін Ресейді жауапкершілікке тартуды жалғасырамыз", - деп жазды Альгабра.

Айта кетсек, бұған дейін Канаданың көлік министрі "Аэрофлот" әуе компаниясына қатысты тергеу басталғанын хабарлаған еді. Оның сөзінше, компания Еуроодоқ санкция салғаннан кейін Канаданың әуе кеңістігін бұзған.

Ресейге Еуроодақ құрамына кіретін елдердің аумағында ұшуға, қонуға тыйым салынған болатын.

Еске сала кетсек, бұған дейін Еуроодақ елдері Ресей кемелері үшін порттарды жабуы мүмкін екенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1959257-kanada-auezaiynda-reseilikter-mingen-carterlik-usaq-toqtatyldy/

pixel